“Зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу”

А.Сейдімбек атындағы ЖББ мектебінде 21 қыркүйек пен 12 қазан аралығында “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру бағыты бойынша “Зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу” тақырыбында оқушяларға түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Мақсаты: қоғамда заңдылық пен тәртіп құндылықтарын нығайту, құқықтық мәдениеттілікті арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу.

Түсіндірме жұмысы барысында балаларға зорлық-зомбылық, буллинг ұғымдары түсіндірілді және де буллингтен сақтану жолдары, көмек көрсету бойынша кеңестер берілді.

Өткізген: педагог-психолог Шагирова А.Д.