«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктері және жеке мүмкіндіктері»

Мектебімізде «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктері және жеке мүмкіндіктері» тақырыбында білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған аудандық семинар өтті. Мақсаты: ППҚҚ қызметін біртұтас жүйе ретінде түсіну және ұйымдастыру.

• Білім беру ұйымындағы әр маманның жауапкершілік аймағын нақтылау.

• ЕБҚ бар және ерекше назарды қажет ететін білім алушыларды сүйемелдеу алгоритмін жүйелеу.

• Дағдарыстық жағдайларда қауіпсіз әрі уақтылы әрекет ету тәртібін білу.

• Құжаттаманы, мониторингті және тиімділік критерийлерін дұрыс ұйымдастыру.

Семинар барысында білім беру ұйымдарының арнайы мамандары аталған тақырып бойынша ақпарат алып, сұрақтар қойылып, пікір алмасты. Ұйымдастырушы: Аудандық білім бөлісінің әдіскері Қызылбаева А.А.

#жаңаарқабілімбөлімі