✨ 1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ! ✨ Бүгін – білімге бастар жолдың, жаңа мақсаттар мен жарқын армандардың бастауы! Мектебімізде Білім күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік, ұстаздарға шығармашылық табыс, ата-аналарға қуаныш пен мақтаныш тіленді. Мақсаты: Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру, жаңа оқу жылына жағымды көңіл күй қалыптастыру, мектепке деген сүйіспеншілігін нығайту және әр баланы білімге, ізденіске, жауапкершілікке баулу. Жаңа оқу жылы әр оқушыға жаңа мүмкіндік, жаңа жетістік, жаңа белестер әкелсін! Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың негізі!