А.Сейдімбек атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Тілім менің – ғасырдан жеткен аманат» тақырыбында Тілдер апталығының ашылуы өтті. ???? Апталықтың басты мақсаты – оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін құрметтеуге, өзге тілдерді үйренуге қызығушылығын ояту және тіл мәдениетін қалыптастыру. Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухы, ұрпақтан ұрпаққа жететін қасиетті аманат. ???? Тілдер апталығы – білім мен өнерді, достық пен бірлікті тоғыстыратын тағылымды апталық болмақ! ✨ Тілімізді құрметтейік! Тілімізді дәріптейік! Тілімізді бірге дамытайық!