А.Сейдімбек атындағы ЖББ мектепте “Отбасы күніне” орай ұйымдастырылған “Бір отбасымыз-біз біргеміз” атты ата-ана мен бала арасында іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты — отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, бір-біріне деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру және отбасы мүшелеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
Бүгінгі сайыс — тек жеңіс үшін емес, бірге күлу, бірге ойнау, бірге қуану арқылы отбасы жылулығын сезіну үшін!
«Бақытты отбасы — бақытты бала — бақытты ел!»
Ұйымдастырушы: мектеп педагог-психологы Шагирова А.Д.
