«АДАЛ АЗАМАТ – БІРТҰТАС ТӘРБИЕ»

«АДАЛ АЗАМАТ – БІРТҰТАС ТӘРБИЕ»

???????? «ӘЖЕНІҢ АМАНАТЫ – АДАЛ ҰРПАҚ»

Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың болашағын айқындайтын ең маңызды құндылықтардың бірі. Балаға жақсы тәрбие беруде отбасының, ата-ананың, ұстаздың ғана емес, ақ жаулықты әжелеріміздің де орны ерекше.

Әже – отбасының берекесі, шаңырақтың шырағы, ұрпаққа ақылын айтып, өмірден көргенін үйрететін өнеге иесі. Әженің әрбір сөзі – тәрбие, әрбір ақылы – аманат.

«Әженің аманаты – адал ұрпақ» тақырыбындағы тәрбиелік іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, адалдықты, еңбекқорлықты, жауапкершілікті және отбасылық құндылықтарды дәріптеу.

Іс-шара барысында әжелеріміз жас ұрпаққа өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық салт-дәстүріміз бен отбасылық тәрбиенің маңыздылығы туралы ойларын ортаға салды. Оқушылар үлкендердің батасын алып, ақыл-кеңесін тыңдап, әже тәрбиесінің адам өміріндегі маңызын түсінді.

???? Адал ұрпақ – адал отбасыдан қалыптасады.

Адалдықты сөзбен ғана емес, күнделікті ісімен көрсету – әр баланың азаматтық міндеті. Өз ісіне жауап беру, уәдесінде тұру, еңбекті бағалау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – нағыз азаматтың бойынан табылатын қасиеттер.