“Жас маманның кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда-тәлімгер ұстаздың рөлі”
“Жас маманның кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда-тәлімгер ұстаздың рөлі” тақырыбында әдістемелік күн өткізілді. Әдістемелік отырысты мектебіміздің оқу ісі меңгерушісі Смайлова А С жас мамандарға арналған құттықтау сөзімен ашып берді Әдістемелік отырыста тәлімгер ұстаздар Омарова А Қ,Көпжасарова Г Р,Байжанова Е А өз тәжірибелерін ортаға салды. Жас маманға қмж жасаудың теориялық ұғымдарын өзінің іс-тәжірибесімен ұштастыра отырып, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Көпжасарова Г Р әсерлі жеткізе білді. Информатика пәні мұғалімі Омарова А Қ “Мұғалім жұмысында ЖИ-ді қолданудың тиімділігі” тақырыбындағы баяндамасында ЖИ-ді қолданудың маңызы мен пайдасы туралы өте жақсы түсіндіріп өтті. Математика пәні мұғалімі Байжанова Е А сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерін көрсетті. Мектебіміздің психологы Шагирова А сергіту ойындарымен қызықтыра түсті. Әдістемелік отырысты мектеп директоры Аяганова И М жас мамандарға сәттілік тілеп, қорытындылады.


