БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – АТА-АНАНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – АТА-АНАНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Құрметті ата-аналар!
Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Балаға қауіпсіз орта қалыптастыру үшін төмендегі қарапайым ережелерді үнемі ескеріңіз:
Үйдегі қауіпсіздік
Баланы қараусыз қалдырмаңыз.
Электр құралдары, газ, сіріңке және өткір заттарды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Терезелерді ашық қалдырмаңыз, терезеге жақын жерге жиһаз қоймаңыз.
Балаға төтенше жағдайда кімге және қалай хабарласу керектігін үйретіңіз.
Жол қауіпсіздігі
Жолдан тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелімен өтуін қадағалаңыз.
Бағдаршам талаптарын сақтауды үйретіңіз.
Баланың жолда құлаққаппен немесе телефонға алаңдап жүруіне жол бермеңіз.
Көлікте қауіпсіздік белдігін тағуын бақылаңыз.
Интернет қауіпсіздігі
Баланың интернеттегі ортасын бақылауда ұстаңыз.
Бейтаныс адамдармен жеке ақпарат бөліспеуді түсіндіріңіз.
Телефон нөмірі, мекенжай, мектеп туралы мәліметтерді жарияламауға үйретіңіз.
Күмәнді сілтемелер мен бейтаныс хабарламаларды ашпауын ескертіңіз.
Кибербуллинг немесе қорқыту жағдайы болса, баланы жалғыз қалдырмай, мәселені бірге шешіңіз.
Балаға қатысты қауіпсіздік
Балаға бейтаныс адаммен бірге кетпеу керектігін түсіндіріңіз.
Қауіп төнген жағдайда қатты дауыстап көмек шақыруға үйретіңіз.
Баланың қайда, кіммен жүргенін біліп отырыңыз.
Кешкі уақытта баланың көшеде жалғыз жүруіне жол бермеңіз.
Ең маңыздысы
Бала қауіпсіздігі – тек мектептің емес, ата-ананың да күнделікті бақылауы мен жауапкершілігін талап етеді.
Балаңызбен жиі сөйлесіңіз, оны тыңдаңыз, қауіпсіздік ережелерін бірге қайталаңыз.
«Қауіпсіз бала – қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғам!»

