Кітап оқыған ұрпақ – ойы озық, білімі терең ұрпақ!
КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ ![]()
Кітап оқу – білімнің бастауы, ой-өрісті кеңейтудің және рухани дамудың маңызды жолы. Оқушының кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Кітап оқитын ұлт» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар кітап оқудың маңызы туралы ой бөлісіп, сүйікті шығармалары мен кітаптары жайлы әңгімелесті. Кітаптың адам өміріндегі орны, білім мен тәрбиедегі рөлі кеңінен насихатталды.
Кітап оқыған ұрпақ – ойы озық, білімі терең ұрпақ!
Ұйымдастырушы:
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мейрамова Ж.М.
